Бүгін Металлургтер күні

Бүгін елде металлургтер күні.

Қазір аталған салада 110 мыңнан астам адам табысты еңбек етіп жатыр. Олар өндіріс ошақтары мен тау-кен орындарында метал өңдеу, кен өндіру секілді ауыр жұмыстар атқарып, тер төгіп жүр. Күнделікті тынымсыз еңбектің арқасында елде машина жасау, құрылыс, мұнай-газ және энергетика салалары дамып жатыр. Мәселен, былтыр металлургияның ел экономикасына қосқан үлесі шамамен 7 пайызды құрады.