Қызылорда облысындағы 111 ауылда кенеге қарсы күрес жүргізіледі
Биыл Қызылорда облысында 987 адамды кене шақты. Бір тұрғын конго-қырым геморрагиялық қызбасынан көз жұмса, төртеуі ем шараларын қабылдап жатыр.
Мамандар табиғи ошақтарда қансорғыштардың таралуын зерттеді. Соның нәтижесінде жәндіктердің 4 пайызы түрлі инфекциялар тасымалдаушы екенін анықтады. Осыған байланысты қауіпті аймаққа жататын 111 ауылдың мал қорасы арнайы өндеуден өтеді. Жұмыстар 1 тамыздан бастап қазан айына дейін жүргізіледі.
Жанар Жетілгенова, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:
- Екі кезеңде жүргізіледі. Ол жерде мынау мал бастары, мал қоралары, буферлік аймақтар жергілікті бюджеттің қаржысы есебінен жүргізіледі. Бүгінгі күні 69 млн 477 мың қаржы бөлініп отыр. Енді осы 111 қолайсыз елді мекендердің айналасына қорғаныс аймақтары құрылады. Бұл мемлекеттік тапсырыс негізінде, республикалық бюджеттің қаржысына жүргізіледі.