ІТ мамандарды елге тарту үшін 2 жоба қолға алынды
IT саласының білікті мамандарын елге тарту үшін екі бағдарлдама жүзеге асырылып жатыр.
Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Үкімет отырысында баяндады. Жаслан Мәдиевтің айтуынша, алғашқы бағдарлама ықтиярхатты толығымен онлайн-форматта алуға мүмкіндік береді. Жеке сәйкестендіру нөмірі мен электронды цифрлық қолтаңбаны шетелдік мекемелер арқылы да рәсімдеуге болады. Кірісті растау енді талап етілмейді. Ал екінші бағдарлама – цифрлық көшпенділерге арналған мамандандырылған виза. Бұл бастама арқылы шетелдіктер Қазақстанда 1 жыл жұмыс істеп, елде тұру мерзімін ұзарта алады. Құжаттар онлайн рәсімделеді және алғаш рет цифрлық көшпенділердің қызметі заңдастырылып жатыр. Бүгінде бағдарламаға қатысуға 204 өтінім түсті. Алжир мен Ботсван азаматтарына алғашқы 2 виза берілген.