Қазақстанда шетелдіктерге арналған жаңа қосымша әзірленді

Елде шетелдіктер үшін QazETA мобильді қосымшасы іске қосылды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің айтуынша, жаңа платформада бірқатар сервис қолжетімді. Олардың ішінде көші-қон, туризм, байланыс, транспорт және іскерлік мақсаттағы қызметтер қарастырылған.

Мобильді қосымша Playmarket-те орналастырылды. «Ал AppStore алаңына осы айдың аяғына дейін шығарылады», – деді ведомство басшысы. Премьер-министр көші-қон саясатын жетілдіру бағытында мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма жүктеді.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

- Осы жылдың мамыр айында жедел профилактика шаралары барысында көші-қон заңнамасын бұзудың 7 мыңнан астам фактісі анықталды. Мұндай жағдайлардың уақытылы жолын кесу керек. Ол үшін цифрлық құралдарды да белсенді түрде енгізу қажет. Еңбек және цифрлық даму министрліктері осы жылдың 1 қарашасына дейін барлық дерекқорларды толығымен интеграциялай отырып, көші-қон процестерін есепке алудың бірыңғай цифрлық платформасын енгізуді қамтамасыз етуі тиіс.