LRT депосының құрылыс жұмыстары 50% аяқталды
Астанадағы ЛРТ депосы кешенді орталығының құрылысы 50 пайызға аяқталды. Бүгінге дейін деподағы темірбетон мен металл-конструкциялық жұмыстар аяқталып, қазір ішкі бөлімдерді монтаждау басталып кетті.
Кешенді нысанның құрылысы аяқталғанда, жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсетуге мүмкіндік бермек. Қазір мамандар барлық құрылыс жұмысын бекітілген кестеге сай жүргізіп жатыр. Ал ЛРТ-ның өзі қыркүйек айында сынақтан өткізіледі деп жоспарланды. Ол жолаушыларға келер жылдың бірінші тоқсанында пайдалануға берілуі мүмкін.