Шегірткемен күрес: 443 техника, 3,5 мың маман жұмылдырылды
Біздің елде шегірткемен жыл сайын күресіп әлек.
Биыл өңдеу жұмыстары 8 өңірде жүргізілді. Оған 443 техника мен 3,5 мың маман тартылған. Бұл жайлы ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың төрағалығымен өткен кеңесте айтылды. Қазіргі таңда 11,4 млн гектар алқапта зеттеу жұмыстары жүргізіліп, 2 млн гектар жер өңделді. Бұл зиянкестер таралуы болжанған аумақтың 95 пайызы. Сондай-ақ қазір 15 өңірде италиялық прусқа қарсы күрес жүріп жатыр.