Жетісуда сарышұнақ көбейді
Жетісуда сарышұнақ қаптап кетті.
Бұл кеміргіштер әсіресе егістікке өш. Қазір Ақсу, Қаратал аудандарының шаруашылықтарында осыған байланысты арыз көп. Өйткені өңірде тышқан тұқымдас жануарлармен күрес жұмыстары тоқтап қалған. «Себебі жаңа құжатқа сай сарышұнақты аулау болмаса, зарарсыздандыру жұмыстарымен жергілікті шаруашылықтардың өздері айналысу керек», - дейді Жетісу облысы бойынша аумақтық инспекцияның өкілдері.
Жарас Оңдасынов, Жетісу облысы бойынша аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары:
-2019 жылға дейін бұған қарсы химиялық өңдеу республикалық бюджеттен жүргізілсе, 2020 жылы 19 наурыздағы ауыл шаруашылығы министрінің 100-ші бұйрығымен бұл тышқан тәріздес кеміргіштер алынып тасталды және сонымен қатар ол осындай жұмыстар шаруа қожалықтардың өз есебінен жүргізіледі деп жазылған.