Жедел жәрдем көлігіне жол бермеген жүргізуші жауапқа тартылады

Ақтөбелік полицейлер жедел жәрдем көлігіне жол бермеген жүргізушілерді жауапқа тартып жатыр.

Өңірде медицина қызметкерлері мен тәртіп сақшыларының бірлескен  шарасы өтіп жатыр. Инспекторлар науқасқа асыққан арнайы көлікке жол бермеген жүргізушіні тоқтатып, әзірге ескерту жасайды. Облыста жыл басынан бері 4 жедел жәрдем көлігі апатқа ұшыраған. Мамандар: «Жол-көлік оқиғасының негізгі себебі арнайы қызмет көлігіне жол бермегеннен болады», - дейді.

Балтабек Қанатұлы, қалалық ПБ патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторы:

-Жүргізушілердің басым бөлігі жол беруде. Дегенмен арнайы жарық және дыбыс сигналдары қосулы жедел қызмет тік көліктерге басымдық бермеген жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Яғни, әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 598 бабы, 1-тармағымен 7 АЕК көлемінде жауапкершілік қарастырылған.