Әуе кемелері паркі 16 ұшақпен толығады
Елімізде кейінгі жылдары 20 ұшу-қону жолағы, 19 терминал жаңартылған. Түркістан облысында су жаңа әуежай салынып, ел игілігіне берілген. Игі бастама биыл да жалғасын табады. Көлік министрлігінің ақпарынша, жыл соңына дейін әуе кемелері паркін 16 ұшақ толықтырады.
Инвестициялық бағдарламалар шеңберінде авиация саласына $2,9 млрд тарту көзделген. Қаражат ірі жобаларды жүзеге асыруға бағытталмақ. Мәселен, Катонқарағай, Зайсан, Кендірлі, Арқалық туристік аймақтарында жаңа әуе бекеттері салынады. Тағы 10 ұшу-қону жолағы мен 10 терминалды реконструкциялау көзделген. Арнайы техника паркін жаңарту да күн тәртібіндегі маңызды шаруа.