Ақмола облысында бұршақ жауып, дауыл соғады
Ақмола облысында бүгін және ертең қатты жаңбыр жауып, дауыл тұрады.
Жергілікті Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, тіпті бұршақ жаууы мүмкін. Ал жел екпіні секундына 28 метрге жетуі ықтимал. Сондай-ақ облыс орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Мамандар мұндай құбылмалы күн райында тұрғындарды абай болуға шақырады.