Даун синдромын емдеудің тың тәсілі табылды

Жапон ғалымдары Даун синдромын емдеудің тың тәсілін ойлап тапты. Зерттеушілер жаңа технологияның көмегімен дертті тудыратын хромосоманы жоюға болады деп отыр.

Тәжірибелер зертханалық деңгейде жүргізілді. Ғалымдардың бұл әдісі 38% тиімділігін көрсетті. "Әзірге клиникалық тұрғыда қолдануға әлі ерте дейді", - мамандар. Дегенмен, бұл жаңалық Даун синдромының алдын алу мен емдеуге тың серпін бермек.