Биыл елімізде 19,2 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі
Биыл баспана құрылысын рекордтық деңгейге жеткізу үшін 19,2 миллион шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды 24kz.
Осылайша, елдегі құрылыс саласы қарқын алып, мақсатты межені бағындырмақ. Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлімдеді. Биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы да көңілге қонымды. Көрсеткіш шамамен 8 миллион шаршы метрге жеткен. Бұдан бөлек, Үкіметте өткен баспасөз конференциясында вице-премьер энергетика саласына да тоқталды. Жыл басынан бері сағатына 62 миллиард киловат электр энергиясы өндірілген. Бұл бағытты дамыту үшін алдағы үш жылда жаңа генерацияны іске қосу көзделіп отыр.