Ақтөбе облысында 28 ауылға газ тартылады

Ақтөбе облысында биыл 28 ауылға газ құбыры тартылады, деп хабарлайды 24kz.

Жоспар бойынша 14 елді мекен көгілдір отын желісіне тамыз айының соңына дейін қосылады. Осылайша, облыста газбен қамтылған елді мекендер саны 200-ге жетеді. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 9 миллиард 800 миллион теңге бөлінген. Келер жылы тағы 9 ауылға көгілдір отын құбыры салынады.

Серік Дәулетов, Энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары:

- 9 елді мекенді газбен қамтамасыз ету бойынша сегіз сметалық құжаттамамыз дайын. Сонымен қатар ағымдағы жылы 19 елді мекенді газдандыру жұмыстарын жүргізуге 14 сметалық құжаттама дайындалып жатыр.