Министрлік: 70 мың теңге төленетіні туралы ақпарат жалған
1949-2010 жылдар аралығында туған Қазақстан азаматтарына 70 мың теңге төленетіні туралы хабарлама әлеуметтік желілерде тарап жатыр.
Еңбек министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарып, елде мұндай әлеуметтік көмек көрсетілмейтінін мәлімдеді. Мессенджерлерде пайда болған хабарлама алаяқтардың арбауына ұқсайды. Азаматтар көрсетілген сілтеме арқылы өтсе - үшінші тұлғалар жеке деректеріне қол жеткізуі мүмкін. Мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат тек «1414» нөмірі арқылы таратылады. Құзырлы орган қазақстандықтарды ресми деректерге ғана сеніп, жалған ақпарат таратқандар заңмен жазаланатынын еске салды.