Starlink Қазақстанда ресми түрде іске қосылды
Starlink Қазақстанда ресми түрде іске қосылды.
Демек жоғары жылдамдықтағы интернет енді шалғай аудандарда да қолжетімді болады. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлады. SpaceX компаниясына тиесілі Starlink спутниктері желілері ақылы түрде тұрақты интернетпен қамтамасыз етеді. Кеше Starlink компаниясы Цифрлық даму министрлігімен Қазақстан заңнамасын толық сақтау жөнінде келісімге қол қойды. Құжат ақпараттық қауіпсіздік пен байланыс саласындағы барлық талаптарды орындауды қамтиды. Айта кетейік, Компания Орталық Азияда әзірге тек Қазақстан ғана заңды коммерциялық деңгейде іске қосылды.