Жасанды интеллект тергеушілерге көмектеседі

Ішкі істер министрлігі іске қосқан пилоттық жоба өз жемісін беріп отыр.

Жаңа жүйенің мүмкіндігі көп. Олардың қатарында дауысты мәтінге айналдыру, түрлі адамдардың жауаптарын салыстырып, қарама-қайшылықтарды анықтау сынды жаңашылдық бар. 4 негізгі модульден тұратын платформада тергеуді жоспарлау, жауаптарды өңдеу, құжаттарды дайындау мен талдау жасау қарастырылған. Мемлекет басшысы тапсырмасымен қолға алынған бастама бүгінде елордадағы Есіл ауданының полиция басқармасы базасы мен Қосшы қаласында жұмыс істеп тұр. Министрлік жобаның аясын кеңейтіп, алдағы күзде тағы 5 өңірге жасанды интеллект жүйесін қосуды жоспарлап отыр. 

Санжар Әділов, ҚР ІІМ орынбасары: 

- Ең бастысы, ЖИ енгізу біздің тергеушілерге көмек ететін жоспарлау, сапалы түрде тергеу, қылмыстық активтерді табуға көмек етеді. Қазіргі таңда 28 млрд теңгелері табылып, мемлекетке қайтарылды. Ол да жетістік. Бірақ, жұмысты ары қарай жалғастыру керек.