Ірі кәсіпорындарда ЖИ енгізуде отандық технологияларға басымдық беріледі

Ірі кәсіпорындарда жасанды интеллектіні енгізуде отандық технологияларға басымдық беріледі.

Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен жиында айтылды. Жиында ірі кәсіпорындарда заманауи технологияларды іске қосу мәселесі жан-жақты талқыланды. Вице-премьер отандық жасанды интеллектіні енгізу бүкіл экономика үшін стратегиялық маңызды қадам екенін атап өтті. Сондай-ақ технологиялық жаңғырту өндірістің тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыратына сенім білдірді.