Қ.Тоқаев ұстаздарға мемлекеттік наградалар табыстады
Еселі еңбек еленеді. Президент педагогтерді мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды 24kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздық – жай мамандық емес, бұл – ұлы миссия екеніне екпін қойды. Тұтас ұлтты оқытып, тәрбиелеп жатқан қауым қашанда құрметке лайық. Сондықтан 5 мұғалімге «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағы берілді. Тағы 9 ұстаздың кеудесіне «Құрмет» ордені тағылды. Сондай-ақ сегізіне «Ерен еңбегі үшін» медалі берілсе, үш маманды «Шапағат» медалімен шаттандырды.