Этнотуризмді насихаттайтын халықаралық экспедиция жолға шықты

Ұлытауда этнотуризмді насихаттайтын халықаралық экспедиция жолға шықты.

Жол талғамайтын көлік мінген саяхатшылар өңірдегі тарихи орындарды аралайды. Экспедиция құрамында отандық журналистер, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей мен Әзербайжаннан келген саяхатшы-блогерлер бар.  Бір аптаға жоспарларған сапарда олар Жезді, Қарсақбай, Шеңбер елдімекендерінде және Бұланты, Білеуті  өзендерінің жағасында аялдайды. Бұл жерлерде кезінде жоңғарлармен шешуші шайқастар болған. Торғаймен шекарадағы Ақжар тауына шығып, туристер үшін ақпараттық контент әзірлейді.

Данияр Арынғазин, облыстық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы:

- Маңыздылығы стратегиялық яғни, насихаттау мақсатында басқа халық көріп, біздің ескерткіштерімізді, туристік әлеуетімізді көргенде біздің облысқа келуге ниет білдіреді.

Махмудбек Касимов, Экспедиция мүшесі:   

- Қазір саяхатшылар бес жұлдызды қонақ үйі бар, жайлы жағдай жасалған сапарлардан жалықты десем қателеспейтін шығармын. Оларға осындай экстремалды туризм ұнайды. Біздің сапардың мақсаты Ұлытау даласындағы көрікті орындарды насихаттау. Ол жерлерге далалық жолмен қалай жетуге болатынын көрсету. Мен үшін өте қызықты сапар болғалы тұр.