Үкімет өңірлердің жылу беру маусымына дайындығын тексерді
Үкіметтің жұмыс тобы өңірлердің алдағы жылу беру маусымына дайындығын тексеруге кірісті, деп хабарлайды 24kz.
Мәселен Семейде жылу көздері алдағы қысқа 86%-ке дайын. Қазір қаладағы 12 нысанда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы Абай облысы бойынша 23 энергия көзі мен 26 шақырым жылу желісінде жөндеу жалғасуда. Осы іс-шаралар аяқталғанда өңірдегі жылу желілерінің тозуы 3%-ке төмендейді.
Ал Маңғыстау облысында МАЭК энергия кешенін жаңғырту қолға алынған. №2 жылу электр станциясының энергия блогы толық жөнделіп бітті. Бүгінде қазандық қондырғыларында жұмыс жалғасып жатыр. Сондай-ақ Ақтаудағы тұрғын үй қоры мен әлеуметтік нысандар жылу беру маусымына 80% дайын.