Сарапшылар: Азаматтардың құқықтық сауаты артқан

Халықтың 70%-і «тәртіп» түсінігін заң алдындағы теңдік деп қабылдайды. Қазақстандық қоғамдық даму институты зерттеу жүргізіп, соған көз жеткізген, деп хабарлайды 24kz.

«Заң мен тәртіп» ұғымы қоғамға құндылық ретінде еніп кеткенін айтады. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «SARAP» эксперттік клубы осы тақырып төңірегінде 60 отырыс өткізіп, толымды ақпар жинағанын атап өтті. Негізге алынған мәселе екеу. Алғашқысы азаматтық қоғамның рөлі. Сосын елде кемсітпейтін орта құру. Бұған әділетті құқықтық жүйе, діни сенім бостандығы мен азаптауларға қарсы күресті қосқан.

Риззат Тасым, Қазақстандық қоғамдық даму институты қоғамдық үрдістерді зерттеу орталығының басшысы:

- Азаматтардың құқықтық сауаттылығының артқанын аңғарып отырмыз. Әділеттілік принципіне деген сұраныс өте жоғары аймақтық тұрғыдан да. Мысалы 2400 респонденттің ішінде басым көпшілігі әділеттілік принципіне назар аударған. «Әділеттілік не деген сұраққа: «Ең біріншіден, менің заңдық құқықтарымның сақталуы» деген.