Теміржол инфрақұрылымы қарқынды дамып жатыр
Биыл Алматы айналма жолы мен «Достық – Мойынты» учаскесінің екінші жолдары аяқталады.
Бұл жүк тасымалын бес есе арттыруға мүмкіндік береді дейді сала мамандары. Бұдан бөлек, бүгінде теміржол саласында ұзындығы 1300 шақырымнан астам 4 жоба жүзеге асырылып жатыр. Олар «Достық – Мойынты», Алматы айналма жолы, «Дарбаза – Мақтаарал» және «Бақты – Аягөз». Сондай-ақ 125 вокзал жаңғыртылып, жолаушылар тасымалы 175 вагонмен толығады.