Петропавлда 24 мың адамның құқығы қорғалды

Солтүстік Қазақстан облысында 5 кәсіпорын 220 жұмысшының қарызын өтеді.

Жұмыс берушілердің берешегі 100 млн теңге болған. Бұл туралы облыстық прокуратурада өткен жиында айтылды. Шараға құқық қорғау және мемлекеттік органдар мен сот қызметкерлері қатысты. Олар Мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп» және «Әділдік пен жауапкершілік» қағидаларын талқылап, атқарылған жұмысты қорытындыланды. Облыс бойынша биыл қылмыс 15 пайызға төмендеп, әр саладағы 24 мың адамның құқығы қорғалды.

Саян Асқаров, облыстық Прокуратура басқармасының бастығы:

- Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – Конституция елдің негізгі заңы ретінде маңызын құқықтық үстемдігін қамтамасыз етудегі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы, сондай-ақ мемлекеттің даму бағыттарын айқындаудағы рөлін талқылау болды. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың жұмысын одан әрі жетілдіру және азаматтардың қоғам институттарымен өзара іс-қимылдарын күшейту жөнінде ұсыныстар қабылданды.