Өскеменде Конституциялық сотқа 450 өтініш түскен

Шығыс Қазақстан облысында Консититуциялық сот көмегіне екі жарым жыл ішінде 450-ден астам тұрғын жүгінді.

Арыз-шағымдар арасында тұрғын-үймен қамту, әлеуметтік төлемдер, жер мәселесіне қатысты сұрақтар көп. Бұл қарапайым жұрттың заңға деген сенімін білдіреді. Конституцияның 30 жылдығына орай Өскеменде «Әділетті қоғам қалыптастырудағы Конститутция рөлі» атты отырыста осындай мәліметтер айтылды. Жиында басты құжатқа енгізілген соңғы өзгерістердің бүгінгі нәтижесі туралы ақпарат берілді. Соңғы реформада «Заң мен тәртіп» қағидатының негізі қаланды деуге болады дейді, сарапшылар. Осылайша адам құқығын қорғаудың барлық тетігі айқындалған.

Гүлмира Байыркенова, ШҚМУ Заң кафедрасының профессоры:

- Конституциялық реформа талай демократиялық институттарды енгізді. Сонымен қатар қарапайым Қазақстан Республикасының азаматының құқықтары мен бостандықтарын  қамтамасыз ететін жаңадан механизм енгізілді. Соның ішінде жаңағы Конститутциялық сот және де адамдардың құқығы бойынша өкілеттің конститутциялық мәртебесі бекітілді.