Қазақстанда алтын қоры бар жаңа 5 кен орны есепке қойылды

Қазақстанда алтын қоры бар жаңа 5 кен орны есепке қойылды.

Онда 97,8 тонна пайдалы қазба бар. Мемлекет басшысының жер қойнауын тиімді пайдалану жөніндегі тапсырмасына сай, Қазақстанда минералды шикізат базасын кеңейту жұмыстары  жүргізіліп келеді. Биыл жаңа 41 аумақта геологиялық барлау жүргізуге бюджеттен 7,6 млрд теңге бөлінді. Еске салайық, елде жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасын іске қосылды. Жаңа ақпараттық жүйе барлау және өндіру құқығын алу процесін автоматтандырады. Сондай-ақ онда әлеуетті инвесторлар үшін 66 мыңнан астам геологиялық есеп жүктелген.