Сауалнама: шетелде оқудың қандай артықшылығы бар?

Озық ойлы жастар алған білімдерінің нәтижесін елде көрсетсе игі. Отанына берері мол азамат болып қайтса деген тілек бар. Ал, қоғамның пікірі қандай? Зер салайық. 

Блиц 1:

- Жастардың шетелде оқуы дұрыс деп ойлаймын. Шетелден өздерінің білімдерін жақсартып, осы Қазақстанға келіп, білімдерімен, тәжірибелерімен бөлісіп, Қазақстанның дамуына үлес қосулары мүмкін. Кейбір қазақтар сол жаққа барып, сол жақта қалып қалуы да мүмкін. Ал кейбіреулері келіп, оқуларын оқып, Қазақстанға пайдаларын тигізіп, жетістікке жетуде.

Блиц 2:

- Көп жастарымыз шетел туралы ақпарат біліп, сол жақта оқудың жолдарын тауып келе жатыр. Және де мен мұны өте жақсы үрдіс деп білемін. Яғни, бұл жастардың болашақта Қазақстанның әрі қарай да дамытуына көмектеседі деп ойлаймын. Себебі, көбі бәрібір де елге қайтып жатыр. Әрине, қауіп мүлде жоқ деп санамаймын. Жетістік деп санаймын. Тіпті қалып қойғанның өзінде де, бұл болашақ қазақ ұрпағының бір үлкен жетістігі. Мемлекетке келетін болсақ, келетіндер де аз емес,сол себепті алдағы уақыттағы өзгерістерге алып келеді деп ойлаймын. 

Блиц 3:

- Менің ойымша, жастардың оқып, білім алып, ел көргені дұрыс деп ойлаймын. Оқу біткеннен кейін білімін, шетелде көргендерін өз елімізге алып келіп, тәжірибесімен бөлісіп, өз елімізде жұмыстарын жалғастырғанын дұрыс деп санаймын.

Блиц 4:

- Білім алғысы келеді, қай жерде жақсы болса, сол жерде білім алады. Шетелден білім алып, елге қызмет қылса, ол басқа шаруа. Елге қайту керек. Ол жақта қалып жұмыс істеу білмедім, өзіне пайда шығар, бірақ елге пайда емес.

Блиц 5:

- Дұрыс қой,иә. Дамып, жақсы білім алып, жан-жақта білім алып оқу өте керемет сияқты. Қазақ елі үшін үлкен жетістік қой, жан-жақтан білім алып, әлемнің үздік университетттері, білім орындарынан білім алса, біздің халық үшін өте пайдалы деп ойлаймын.