Еліміздегі алты қаланың әуежайы ірі хабқа айналады
Еліміздегі алты қаланың әуежайлары ірі хабқа айналады.
Қазір екі нысан жұмысты бастап кетті. Яғни енді әуежайлар жолаушы мен жүк тасымалдаудан бөлек бизнес пен ойын-сауық орталығына айналады. Қазір шетел тәжірибесі зерттеліп, жобалар бекітіліп жатыр.
Серік Селеубайұлы, тілші:
- Әуежайға барып қыдырып келейікші. Жақын болашақта біздің елде де адамдар бір-бірін аэропортқа кездесуге шақыратын болады. Себебі олар енді әуе хабтарына айналады. Ал оның аумағында ойын сауық орындары, бизнес орталықтар, тіпті дәмханалар мен банктер де болмақ. Қазір астана әуежайы шетелдік инвестормен келісім жасасты.
Науат Айтуған, Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз хатшысы:
- Бізге авиакомпанияларды осында шақыру керек. Ал шақырсақ біздің инфрақұрылым да соған сәйкес болуы керек. сол себепті біріншіден ұшып-қону жолағын салады. Екіншіден, біз үшінші терминал саламыз. Себебі бізде жолаушылар ағыны да өсіп келе жатыр жылдан жылға. Мысалы былтыр 8 млн 300 мың жолаушы болса, осы жылы біз 10 млн жолаушы күтіп жатырмыз.
Серік Селеубайұлы, тілші:
- Сонымен қатар жұк терминалдары да салынбақ. Дәл осындай жұмыс Алматыдағы әуежайда да жоспарланған.
Ләззат Стамғазиева, ҚР Көлік министрлігінің ресми өкілі:
- 6 әуежайды таңдап отырмыз. Оларды атап өтетін болсам, республикалық маңызы бар қалалардың әуежайлары, яғни, алматының, астананың, шымкент қалаларының әуежайлары болашақта үлкен хабқа айналады. Және де мына қарағанды орталықтағы, және батыстағы екі әуежай. Ол ақтау мен ақтөбе әуежайлары.
Серік Селеубайұлы, тілші:
- Сонымен қатар мұнда инвесторларға жағдай жасалмақ.
Әсел Бағысова, Астана халықаралық қаржы орталығының бөлім басшысы:
- Қазір авиакомпаниялар үшақтарды ұзақ мерзімге жалға алуды әдетке айналдырған. Бұл өте күрделі келісім. Яғни құжаттағы әр пунктті жан-жақты талқылау керек. Ол үшін жоғары білікті заңгерлер жұмыс істейді. осындай жалға берумен айналысатын компаниялардың 60 пайызы қазір Ирландияда шоғарланған. Себебі ол жерде салық саясаты жақсы жолға қойылған. Түрлі жеңілдіктер береді. Біз де Ирландияның, Гонконг, сингапур, Абу-Даби сияқты алдыңғы қатардағы әуежайлардың тәжірибесін зерттеп, астана қаржы орталығының базасында осындай хаб жасағымыз келеді. Ол үшін орталықтың барлық мүмкіндігі бар.
Серік Селеубайұлы, тілші:
- Ол үшін қолданыстағы заңдарға өзгерістер енгізу керек. Қазір ұсыныстар мемлекеттік органдардың қарауында жатыр.
Серік Селеубайұлы