Қызылордада кәріз суды биологиялық тазарту станциясы жаңартылады
Қызылордада кәріз суды биологиялық тазарту станциясы қайта жаңартылады.
Жөндеу жұмыстарынан кейін бұл жердегі құрылғылар бұрынғыдай 15 мың текше метр емес, 70 мың текше метр лас суды сүзгіден өткізеді. Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Еділ Жаңбыршин аталған жобаның жүзеге асу барысымен танысты. Жергілікті мамандармен бірге экологиялық заңнама нормаларының орындалуын талқылады. «Өндірістік қалдықтарды тазалап, қайта пайдалану – өзекті мәселе. Бұл ретте жаңа технологияларды кеңінен енгізу керек. Осы тұрғыда заңнаманы жетілдіру жолдарын да қарастырамыз», - дейді депутат.
Еділ Жаңбыршин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Президенттің берген тапсырмасы бар, суды біз үнемді пайдалануымыз керек. Және лас суларды тазалап, қайтадан пайдалануымыз керек. Судан басқа мысалы бізден өндірістен шығатын әртүрлі қалдықтар бар. Оларды да өңдеп пайдалану, осындай көп деген күрделі экологиялық мәселелер әр өңірде бар. Халықаралық мамандармен, ғалымдармен, компаниялармен кездесіп, танысып, бірлесіп өзіміздің қабылдаған заңымызды іске асыру бағытында осындай жұмыстар жүргізіп жүрміз.