Оралда Ассамблея жұмысы жандана түседі
Еліміздің ең асыл қазынасы бірлік десек, ұлтаралық келісім мен тұрақтылықтың нығаюына Қазақстан халқы Ассамблеясы қомақты үлес қосып келеді.
Осы 30 жылда ассамблея шын мәнінде бірегей қоғамдық келісім алаңына айналды. Әр өңірдегі ұлттық-мәдени орталық басшылары тұтастыққа тұтқа, достыққа дәнекер болып жүр. Бүгін Орал өңіріне жұмыс сапарымен барған Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов этомәдени бірлестік өкілдерімен кездесті. Жиында Мемлекет басшысы жүктеген тапсырмаларды іске асыру, ұлттық бірлікті нығайту мен ақпараттық-түсіндіру жұмысының тиімділігін арттыру мәселесі талқыланды.
Марат Әзілханов, Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі:
- Жалпы ассамблея мүшелері, этномәдени бірлестіктер жұмыстарын жандандыратын ұсыныстарын айтты. Оның ішінде әлбетте мынау қайырымдылық істеп, мұқтаж жандарға қалай көмектесеміз, мәдениетімізді қалай дамытамыз дегендей және де сол этномәдени бірлестіктердің ішкі жұмыстарын бағыттау бойынша, «цифрлы ассамблея» деп жатырмыз, соны талқыладық. Негізі өте толыққанды, деңгейлі әңгіме болды.