Энергетикалық нысандар кибер шабуылдан қорғалады
Елде отын-энергетика кешендерінде мамандандырылған ақпараттық қауіпсіздік орталығы құрылады. Мұндай шешім энергетика нысандарын қарқынды цифрландыру аясында киберқатерлердің өсуіне байланысты қабылданды.
Вице-министрдің айтуынша, цифрлық басқаруға көшу жылу электр станцияларының жұмыс тиімділігін арттырғанымен, қауіпсіздік шараларын да назардан тыс қалдырмау керек.
Дмитрий Мун, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің вице-министрі:
- Бұл өз алдына жеке маңызды сала болғандықтан, саланың ерекшелігін, онда қандай құрылғылар барын, қандай үзілістер болатынын білетін мамандар қажет. Міне, осы бағыт пен процестерді түсінетін мамандар ғана маңызды энергетикалық нысандарға жаңа талаптар әзірлеуі керек.