Астанада бүгіннен бастап жұмыс уақыты өзгерді
Жұмыс уақыты өзгерді. Бүгіннен бастап елордада мемлекеттік органдар мен коммуналдық мекемелер өз жұмысын таңғы 07:30 бен 8:00 аралығында бастады, деп хабарлайды 24kz.
Бірақ мектептер, ауруханалар мен халыққа қызмет көрсету орталықтары бұрынғысынша жұмыс істей береді. Қала әкімдігі шаһар көшелеріндегі кептелісті азайту мақсатында осындай қадамға барып отыр. «Осылайша, таңертеңгісін жолдағы көлік саны 15-20%-ке азаяды», - дейді қала басшылығы. Бұдан бөлек, елордада автотұрақтарға да қатаң бақылау жүргізілмек.
Жомарт Айтқазы, Астана қаласы әкімі аппарат басшысының орынбасары:
- Жұмыс уақытының өзгеруі жақсы әсер етеді деп ойлаймын. Таңғы сағат 07:30-да күн шығып тұр. Қараңғы емес. Кешке ертерек үйге қайтамыз, отбасымызға ертерек ораламыз. Қай жағынан болса да тиімді.