«Jarqyra» таланттардың бағын ашады

«Өнерге әркімнің-ақ бар таласы». Қазақ киносы күніне орай еліміздің әр аймағында бұрын соңды болмаған ерекше кастинг өтті. «Jarqyra» жобасының ерекшелігі сол оған тек өнерге қатысы бар жандар ғана емес, басқа да салада білім алып, жұмыс істеп жүрген жастар қатысуға мүмкіндік алды. Бұл байқауға алматылықтарда ерекше ықыласпен қатысты. Кастингті Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы ұйымдастырды.

Кино әлемін бағындырсам дейтін алматылықтардың қатары көп. Кастингке қатысушылардың арасында есепші де, ұстаз да, блогер де бар. Өзге салада жүрсе де, өнерден алыс емес. Онысы көрініп-ақ тұр. Харизмасы ерекше, камераның алдында еркін. «Бұл шара жүрек түбінде қалған арманға үміт сыйлады», - дейді көпшілігі.

Айдана Уәлиева, қатысушы:

- Мен кішкентай кезімнен актриса болуды армандағанмын. Мен продюсер мамандығына түсіп, осы жерде кастингке келіп отырмын JARQYRA-ның.  Және де мен осы JARQYRA-ның ұйымдастырушыларына көп рахмет айтқым келіп тұр. Көп адамдарға мүмкіндік беріп тұр.

Іріктеуден өткен үміткерлердің деректері www.kazakhcinema.kz сайтындағы актерлік онлайн-базаға орналастырылады. Бұл база кинокомпаниялар мен продюсерлер үшін жаңа есімдерді табуға мүмкіндік беретін ашық әрі қолжетімді алаң болмақ.

Серік Әбішев, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кафедра меңгерушісі:

- Қазақ киносы күніне орай біздің киногерлердің бүкіл қазақ халқына берегн бір сыйымыз. Өйткені осы кастингке қатысқан барлық киноға түсем деушілер, қатысушылар Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қаржыландыратын киноларына түсуге мүмкіндік алады.

Кастинг үлкен экранға апаратын жол. Елімізде ғана емес, шетелге танылып үлгерген бірқатар актерлардың алғашқы қадамы осындай алаңдардан басталған, - дейді мамандар. Ал Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы жаңа есімдердің танылуына алдағы уақытта да жүйелі жұмыстар жүргізбек.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Мұхит Құдықбаев