Елде қыз алып қашуға тыйым салатын заң күшіне енді

Бұдан былай мәжбүрлі неке де қылмыс саналады.

Бүгіннен бастап елде қыз алып қашуға тыйым салатын заң күшіне енді. Мұндай қылмысқа барған азамат  2 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл арқалайды. Айыппұлға көнбеген жағдайда, сол мөлшерде түзеу жұмысына жегіледі. Тіпті екі жылға дейін темір торға тоғытылуы мүмкін. Ал егер әрекет абайсызда ауыр зардаптарға әкелсе - 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.