Президент: Алтай – барша түркінің алтын бесігі
Көне замандардан бері барша түркінің алтын бесігі болып келе жатқан Алтай бүгінгі әлемдік ғылымының биігінен терең зерттеп-зерделеуді қажет етеді.
Мұндай кешенді зерттеулер аңғары аңызға толы қарт Алтайдың бауырынан өсіп-өнген күллі түркі жұртының мәдени ықпалдастығын нығайту жолында ауқымды халықаралық диалог орнату үшін де қажет.
Мемлекет басшысы: «Алтай – түркілердің ата қонысы. Түркі өркениетінің қалыптасу тарихы» атты ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында осындай бастама көтерді. Қасым-Жомарт Тоқаев қатысушыларды жиынның ашылуымен құттықтап, жақында жарық көретін Қазақстанның академиялық тарихының екінші томын тілге тиек етті. Бұл еңбекке түркология саласындағы ең соңғы жаңалықтар да енетінін айтты.