Шымкентте жаңа каналдың құрылысы басталды

Шымкентте жаңа тұрғын алабын қарғын судан сақтау үшін канал салынып жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Қазір құрылыс жұмыстары «Нұрсәт» шағын ауданында басталды. Каналдың ұзындығы 4,5 шақырымға жетеді. Енді көшелер мен қыраттардан келетін су канал арқылы дендробақтағы тоғанға ағып, өсімдіктерді суаруға пайдаланылады. Ал құрғақшылық кезінде көшелердегі арықтарға Үлкен магистральды каналдан су жіберіледі. Канал жаңа ауданды көгалдандыруға септігін тигізбек. Жоба құны миллиард теңгеден асады.

Мұрат Әбдірахманов, Жайлы ортаны дамыту басқармасы басшысының орынбасары:

- Осы канал біткеннен кейін 2026 жылға бізге осы «Пахтакор» шағын ауданынан БМК каналы арқылы осы «Кәусар» каналына су түсіріп, микроклимат жасау жоспарлануда. Осы «Нұрсат» шағын ауданында құрылыс басқармасы тарапынан парктер жоспарлануда. Парктер барлығын да осы канал как артезиан су көзі ретінде жүріп отыратын болады.