Президент: Съезд жаһандық пікірталас алаңына айналу керек
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезді жаһандық пікірталас алаңына айналуы тиіс.
Президент соның ықпалын арттыруға тырысатынын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Съезд Хатшылығының БҰҰ институттары және басқа да құрылымдармен серіктестік желісін кеңейтуді жалғастыратынын жеткізді. Идеяларды ілгерілету халықаралық серіктестер, жастар, сарапшылар, волонтерлік ұйымдар қатысады. «Бейбітшілік – барша ел, халық пен діндерге ортақ аса маңызды құндылық», - деді Президент.