2026 жылдан бастап мемлекеттік қызметке қабылдау тек қана онлайн түрде жүреді
Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай мәлімдеді. Агенттік HR-саланың цифрлық болашағын талқылап, Open Day өткізді. Іс шарада кадрлық процестерді автоматтандыру және цифрлық трансформациялау жолдары таныстырылды.
Жиынға мемлекеттік және жекеменшік сектордың HR-мамандары қатысып, заманауи жүйелер жайлы айтылды. Сондай-ақ Президенттік жастар кадр резерві таныстырылды. Агенттік «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның жаңа редакциясының жобасын ұсынды.
Дархан Жазықбай, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:
- Е-қызметке мемлекеттік қызметшілеріміздің біліктілігіне, біліміне қарай жасақтау бойынша жасанды интеллектіні кіргізіп жатырмыз. Олардың атқаратын лауазымдарына, нұсқаулықтарына жасанды интеллектіні кіргізіп, сол арқылы олардың қаншалықты жүктемесі барын анықтау бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Бұның барлығына 2026 жылдары қадам жасаймыз деп отырмыз. Қазіргі кезде жоба ретінде қаралып жатыр.