Азия қор нарығы құлдырап барады

Оңтүстік Кореяның KOSPI индексі кейінгі тәулікте 6 пайызға кеміген. Тайваньдық Тай Экс 5 пайызға төмендесе, жапондық Nikkei 225 индексі 3 пайызға жуық қысқарды, деп хабарлайды 24KZ.

Енді жартылай өткізгіштер өндірісіндегі жетекші компаниялардың бағалы қағаздары да айтарлықтай қысымға ұшырады. Нарықта жасанды интеллектке салынған инвестициялардан түсетін пайдаға қатысты алаңдаушылық әлі де басым. Инвесторлар деректерді өңдеу орталықтарын салуға жұмсалатын шығын тиісті көлемде табыс әкелмеуі мүмкін деп қауіптеніп отыр.

Сондай-ақ оқыңыз: