Алатау қаласында төтенше жағдай жарияланды

Алатау қаласында төтенше жағдай режимі енгізілді. Шешім Алматы облысындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында тұтанған ірі өртке байланысты қабылданды.

Әкімдіктің мәліметінше, қызыл жалын шамамен 15 гектар аумақты шарпыды. Өртті ауыздықтау төрт күннен бері жалғасып жатыр. Оған 250-ден астам маман мен 120-ға жуық техника тартылған. Қатты жел салдарынан түтін бірнеше шақырымға тарады. Жақын маңдағы елді мекендерде орналасқан үш мектеп уақытша қашықтан оқытуға көшті. Құтқару жұмыстарына Шымкент қаласынан, Қарағанды, Жамбыл, Түркістан облыстарынан, сондай-ақ Жетісу мен Абай өңірлерінен қосымша күш жіберілді.