Бразилияның 52 муниципалитетінде төтенше жағдай жарияланды

Бразилияның Амазонас штатын құрғақшылық жайлап, 52 муниципалитетте төтенше жағдай жарияланды. Жауын-шашынның азаюы себепті өзен-көлдердің деңгейі төмендеп, су тапшылығы күшейген, деп хабарлайды 24KZ.

Салдарынан 165 мыңнан астам отбасы зардап шекті. Кей айдындарда балықтардың жаппай қырылуы тіркелген. Мамандар жағдай жуық арада жақсара қоюы екіталай деп отыр. Бразилия геологиялық қызметінің болжауынша, Эль-Ниньо құбылысының әсерінен қуаңшылық келер жылдың наурызына дейін жалғасуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз: