Қызылорда облысында «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті
Қызылорда облысының Жалағаш ауданында «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті.
Шараға ардагерлер, «AMANAT» партиясының жастар қанатының мүшелері, жергілікті депутаттар мен еріктілер қатысты. Олар арықтарды тазалап, көшелерді сыпырып, құрғақ шөпті орып, бордюрлер мен ағаштарды әктеп шықты. Аудан орталығы Жосалы кентінен 3 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.