Түркістан облысында «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті
Бүгін «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы Түркістан облысының Бәйдібек ауданында да өтті.
«AMANAT» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен Ағыбет ауылдық округінде тазалық жұмыстары жүргізілді. Тазалық жұмыстарына бастауыш партия ұйымының мүшелері мен ауыл жастары белсене қатысты. Табиғат жанашырлары ауылдық мәдениет үйі мен балабақша және спорт кешенінің ауласын күл-қоқыстан тазалап, көшелерді ретке келтірді. Сондай-ақ қоғамдық орындарда әктеу-сырлау жұмыстарын жүргізді. Партия өкілдері «Таза бейсенбі» акциясы жай ғана тазалық емес, ол тұрғындардың бойында экологиялық мәдениет қалыптастырып, өз ауылына, өз ортасына жанашырлықпен қарауға үндейтін маңызды бастама екенін айтты.