Депутат: фейкпен күресті күшейту керек
Қазақстанда жалған ақпарат тарататын телеграмм арналар мен аккаунттар бұғатталАды. Бірақ құзыретті орган ел ішінде тіркелген аккаунттардан ғана қорғауға қауқарлы. Сырттан келген хабарламалардың жолын кесу қиындау. Мәжіліс депутаты Сергей Пономарёв осылай дейді. Оның айтуынша, заманауи технлогияларлармен жасалған бейнероликтердің ақ қарасын ажырату кәсіби маманның да қолынан келмеуі мүмкін. Сондықтан мәжілісмен: «Бұл бағытта жұмысты күшейту керек», - дейді.
Сергей Пономарев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Тіпті мен, бұрын ақпаратты қайта тексеруге дағдыланған журналист болсам да, кейде жаңа технилогиялар көмегімен, адамның бейнесі, дауысы,іс-әрекетін салып, кәсіби студияда жазылған роликтерді көріп, сеніп қалуым мүмкін. Ал қарапайым адамдарға әлеуметтік желілердегі ақпарат ағынында шындық пен өтірікті ажырату тіптем қиын. Мұның салдары қорқынышты болуы мүмкін. Фейк жаңалықтар банкроттықтан бастап, этносаралық қақтығыстарға, одан бетер суицидке дейін әкелуі ықтимал. Менің ойымша,бұл үрдіспен күресу керек. Біздің елде осы бағытта жұмыс жүріп жатыр. Біз жалған ақпарат тарату үшін ашылған телеграмм арналарды, аккаунттарды анықтай аламыз. Бірақ олар Қазақстанда тіркелген жағдайда ғана бұғатталады. Алыс шетелге келетін болсақ, мұндай аккаунттардың жолын кесу әлдеқайда қиын.