Aport Mall West 16 жылдығын атап өтті
Орталық Азиядағы ең үлкен ойын-сауық орталықтарының бірі – Aport West 16 жылдығын атап өтті, деп хабарлайды 24kz.
Айтулы мерекеге орай молл аумағында концерттік бағдарлама, түрлі ұтыстар ұйымдастырылып, қонақтарға ерекше көңіл-күй сыйлады. Кешен дайындаған басты сыйлығы туралы тілші сюжетінде.
Aport West – тек сауда емес, жайлы демалыстың мекені. Мұнда Funky Town мен Funky World ойын-сауық парктері, АҚШ пен Еуропадан әкелінген аттракциондар, VR-аймақтар және балаларға арналған мерекелік алаңдар бар. 16 жыл ішінде 185 миллионнан аса қонақ қабылдаған орталық бүгінде алматылықтардың сүйікті орнына айналды.
Сабыр Жансағымов, Aport Mall West кешені басқарушысының орынбасары:
- Әрине, біз тек қана шоппингпен, саудамен айналыспаймыз. Біз қонақтарымызға жайлылық, комфорт дейді ғой. Жаңағыдай сезім, көңіл сыйлауға тырысамыз. Санап қарасақ, айына 1 милионнан астам қонақтарымыз келіп, уақытын жақсы өткізіп, көңілді өткізді.
Алматының батысындағы 210 мың шаршы метр аумақты алып жатқан кешенде 250-ден аса кәсіпкер кәсібін дөңгелетіп отыр. 5 мыңға жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Биылғы мерейтойға орай Aport West серіктестерімен бірге баспана ұтысын ұйымдастырды. Бас жүлде – қаладағы жаңа тұрғын-үй кешенінен пәтер.
Әйгерім Раушанбек, «Vertex AG» компаниясының PR-менеджері:
- Бізге бүгін өте маңызды сәт. Себебі, біз жаңа компания болғанымен, бірінші рет осындай іс-шарада жұмыс істеп жатырмыз. Өте қуаныштымыз. Осы бір біздің еліміздің отбасына керемет осындай бір сыйлығымыз бар. 1 бөлмелі 35 шаршы метр «Жайна» тұрғын үй кешешенінде керемет осындай бір пәтерді ойнатқызамыз.
2009 жылдан бері лайфстайл тұжырымдамасын ұстанып келе жатқан молл бүгінде 100-ден аса әлемдік брендтің дүкендерін бір шаңырақ астына жинады. Ал жыл бойы жұмыс істейтін «Гавайи» және «Майами» аквапарктері қонақтарға шетелге шықпай-ақ жазғы демалыс ләззатын сезінуге мүмкіндік береді.
Авторлары: Алуа Ералықызы, Валентин Лобанов