Егін жинау науқаны: рекорд күтілуде. LIVE

Елде егін жинау науқаны бойынша рекордты түсім болады деген үміт бар. Бұл туралы Үкімет үйінде есеп берген Ауыл шаруашылығы министрі мәлімдеді. Айдарбек Сапаровтың айтуынша, мұндай болжамға қазіргі егін жинау науқанының былтырғыдан да қарқынды жүріп жатқаны себеп болып отыр.