Alatau City Азиядағы ең ірі арнайы экономикалық аймаққа айналуы мүмкін
Alatau city Азиядағы ең ірі арнайы экономикалық аймаққа айналуы мүмкін. Бұл туралы Президент Жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстелде сарапшылар қауымы айтты.
Аталған жоба бойынша қазірдің өзінде арнаулы аумақ бөлініп, негізгі инфрақұрылым желілері тартылды. Одан бөлек, жиынға қатысушылар елдегі әлеуметтік-экономикалық бастамалар мен серпінді жобаларға тоқталып, Жолдаудың басым бағыттарын сөз етті.
Атап айтқанда, бір палаталы Парламентке көшу, жасанды зерде мен цифрлық даму мәселелері жөніндегі жеке ведомство құру, экономиканы әртараптандыру және адами капиталды нығайту сынды тақырыптар қаузалды. Шараға сарапшылар, экономистер мен мемлекеттік орган өкілдері қатысты.
Ғабит Матаев, Экономикалық зерттеулер институты өңірлік зерттеулер және өмір сапасы орталығының жетекші ғылыми қызметкері:
- Alatau city – Алматы облысында орналасқан бұрынғы Жетіген ауылы. Мысалы, Қытайдағы Шинжин қаласын алсақ, ол да кезінде кішкентай ғана балықшылар ауылы болған. Ал, бүгін тұрғындарының саны 17 млн-нан асып кетті. Сол тәжірибелерді пайдаланып, жаңадан ашылып жатқан Alatau city-ді сол дәрежеге көтеру мәселесі талқыланды.