Ет нарығында бақылау күшейтілді
Елімізде ет нарығындағы делдалдарға бақылау күшейтілді. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді. Ақпарынша, қазіргі таңда елімізде өндірілетін еттің көлемі жеткілікті. Фермерлердің көтерме саудада өз өнімдері келісін 3 000-3 500 теңгеден өткізетіні анықталған.
Делдалдардың қысқа уақыт ішінде ет бағасын едәуір көтеріп жіберетіні де белгілі болыпты. Арнайы рейд барысында көз жеткізілген кемшіліктерді министр дерек ретке келтіру үшін тиісті шара қабылданғанын жеткізді. «Сауда министрлігімен бірлесіп бұл жұмысты одан әрі жалғастырамыз» , - деп атап өтті министр.