Петропавлда жастар арасында құқықтық білімді арттыруға арналған квест өтті

Петропавл қаласында «Заң мен тәртіп: болашаққа деген бағдар» атты интерактивті квест ойыны өтті, деп хабарлайды 24kz.

Шара барысында колледж студенттері топ-топқа бөлініп, заңға қатысты сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар олар Президенттің соңғы Жолдауына қатысты тапсырмаларды орындады. «Осылайша, жастар маңызды құжаттағы басты мәселелерге қанық болып, құқықтық сауаттылығын арттырады», - дейді ұйымдастырушылар. 30 адам қатысқан білім сайысының қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Гүлбақыт Байбосынова, Қоғамдық даму және ақпарат орталығының маманы:

- Осы жылдың басынан бастап өзіміздің форматымызды ауыстырдық. Өйткені жастар болғандықтан, мынау лекция түрінде және интерактивті тақтаға қаратып қойып баяндамалар оқу студенттер арасында, жастар арасында қызықсыз болғандықтан осындай квест ойынын өткізіп отырмыз.