Алатау қаласының бас жоспары бекітілді

Alatau city 10 жылдан кейін 2 миллион тұрғыны бар қалаға айналады деген болжам бар. Алматы – Қонаев тасжолының бойынан салынатын ірі мегаполис «Жаңа Жібек жолын жаңғырту» жобасына кіреді.

Нәтижесінде смарт технологиялар мен криптовалюта қолданылатын цифрлық қалаға айналады.

Ардақ Айбарұлы, тілші:

- «Алатау» арнайы экономикалық аймағының аумағы қазір 90 мың гектарға жетті. Онда болашақта 4 қалашық бой көтереді. Соның біріншісі – «Гейт дистрикт». «Нысан үлкен қаржы орталығына айналады», - дейді мамандар.

Болат Мұсылманбеков, облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының  басшысы:

- Екінші қалашығымыздың аты «Голден дистрикт» дейміз. «Голден» – алтын қала. Алтын қалада академиялық қалашық студенттердің және медицина қалашығы. Академиялық қалашық пен медицина қалашығы жоғары деңгейде балаларға білім беруге, жастарға білім беруге, үлкен қария, үлкен кісілерге, Қазақстан халқына медициналық көмек жасауға осы қалашықта бар мүмкіншілікті жасалатын жоспарлап отырмыз.

Alatau city-де өндіріс қалашығы да салынады. Тоғыз жолдың торабында орналасқан мекенде 100 мыңға жуық жұмыс орны ашылады. Ал төртінші қалашық жасыл қала деген атауға ие болады. Аталған жобаларды жүзеге асыруға көршілес Қытай Халық Республикасы мен Түркия және Оңтүсатік Корея компаниялары қызығушылық білдірді.

Нұрғайша Садықова, қала тұрғыны:

- Үлкен қала салынайын деп жатыр. Жаңағы біздің Президентіміз Жарлыққа қол қойды. Инвесторлар келейін деп жатыр. Бізде мектептер салынып жатыр жақсы үлкен 11 жылдық жаңа бағдарлама бойынша салынып жатыр. Больницалар салынып жатыр. Көп жетістіктер бар, үйлер салынайын деп жатыр.

Алатау ситидің бас жоспары жақында қайта бекітілді. Мұндай шешім инвесторларға қолайлы жағдай жасау мақсатында қабылданған. Қонаев пен Алматының арасында жеңіл рельсті транспорт қатынайды. Ол кептелісті барынша азайтып, экологиялық ахуалды жақсартуға оң әсер етеді. Болашақта Alatau city-дің әкімшілік орталығы Жетігеннен «Гейт ситиге» ауысады.

Авторлары: Ардақ Айбарұлы, Аят Дүйсенбаев, Аманжол Жөңкешов