Өскеменде республикалық Достық үйлерінің конгресі өтіп жатыр
Өскеменде тұңғыш рет республикалық Достық үйлерінің конгресі өтіп жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Қазақстан халқы Ассамблеясының әр өңірден келген 100-ден аса мүшесі ортақ мәселелерді бірлесе талқылауда. Цифрлық форматтағы жұмысты жандандырып, Ассамблея жобаларын әлеуметтік желіде насиаттау жайы айтылды. Сондай-ақ этносаралық қарым-қатынасты нығайтып, талантты жастарды Ассамблея құрамына тарту мәселесі көтерілді.
Нұрия Көбенова, Павлодар облыстық достық үйінің директоры:
- Достық үйлері бір мақсатта, бір бағдарда жұмыс жасаймыз ғой. Өйткені бәріміз мемлекеттік бағдарламамен жұмыс жасаймыз. Біздегі ерекше жобалар оларда жоқ шығар. Тәжірибе алмасу ретінде бүгін міне, мынадай алаңдар ұйымдастырылып жатыр.